Есептік жазбаны рұқсатсыз өзгертуден қорғауды қосу

Сондай-ақ, сіз пайдаланушының есептік жазбасын рұқсатсыз өзгертуден қорғауды да қоса аласыз. Бұл параметр қосулы болса, пайдаланушының есептік жазбасының параметрлерін өзгерту үшін, өзгерту құқықтары бар пайдаланушы авторизациядан өтуі қажет.

Есептік жазбаны рұқсатсыз өзгертуден қорғауды қосу немесе өшіру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Пайдаланушылар және рөлдерПайдаланушылар бөліміне өтіңіз.
  2. Есептік жазбаны рұқсатсыз өзгертуден қорғауды конфигурациялағыңыз келетін ішкі пайдаланушы есептік жазбасын басыңыз.
  3. Ашылған пайдаланушы сипаттары терезесінде Есептік жазба қорғанысы қойыншасын таңдаңыз.
  4. Есептік жазба параметрлерін өзгерткен кезде есептік деректерді әрбір рет сұрағыңыз келсе, Есептік жазба қорғанысы қойыншасында Пайдаланушылардың есептік жазбаларын өзгертуге берілген рұқсатты тексеру үшін түпнұсқалық растаманы сұрау параметрін таңдаңыз. Не болмаса, Пайдаланушыларға осы есептік жазбаны қосымша түпнұсқалық растамасыз өзгертуге рұқсат беру нұсқасын таңдаңыз.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

Пайдаланушы есептік жазбасы үшін рұқсатсыз өзгертуден қорғау қосылған.

Басына оралу